Welcome to the detailed analysis for islam.kz. This domain is officially recognized as Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы. According to their official web presence, their primary focus is: "Ислами жаңалықтар, мақалалар, сұхбаттар, уағыздар.".
"— Ауданның орталығында ертең мәжілісіміз бар еді. Активтің барлық адамдары соған жиналады. Ресми жағы біткен соң, түскі тамақтан кейін оқырмандар мен Сіздің кездесуіңізді ұйымдастырсақ деген ойымыз бар еді, — деді райкомның бірінші хатшысы.— Жарайды уақытын өзіңіз белгілерсіз.— Сағат кешкі бесте мен Сізге машина жіберткізейін, — деп қоштасты ол менімен.Зал толған халық, қол шапалақтай қарсы алды. Мен оларға Кубалық әсерлерімді айтып бердім. Сұрақтарына жауап қайтардым.Кездесу аяқталғаннан кейін:— Бауке, осындағы бір үйге кешкі тамақ дайындалып қойылған көрінеді, — деді райкомның хатшысы.— Бұдан қашық па?— Бес-алты көше.— Онда аяңдап, жаяу баралық.— Машиналар кете берсін. Пияда жаяу жүріп баратын болдық, — деді секретарь бір қызметкер жігітке.Қаланың көшелерінің кең тротуарлар жиектерінде сылдырлап ағып жатқан арық. Арық бойлары салалы бұтақ жапырақты қараағаштар. Әр үйдің алды шырмауық гүлдер. Кейбір қоралардың дарбазаларының екі жағында мәуелерін самсый салған алма ағаштар. Көлеңкеде тротуармен аяңдап, әңгімелесіп келеміз.— Бұрнағыдан арғы күні телевизорды көрдіңіз бе Бауке?— Жоқ. Бір нәрсе жазып, отырып қалсам керек. Не болып еді?— Ойын адамның дене-жүрісіне, ақылына, сана-сезіміне үлкен әсер етеді. Ойынның өзі жарыс. Кімді-кім ұтады. Ұту үшін намыс керек. Күш жинау керек. Ойын деген көңіл көтереді. Кішкентай сәбиден бастап шал-кемпірге дейін ойнамаса, өмірге жараспайды. Әр жастың өзіне жарасты ойыны бар. Ойын адамның денесін шынықтырады. Ойын өрге тартады. Дене шынықтыру жағы өз алдына. Ойын деген әзіл, көңіл-күй, мінез. Ынжық, жасық болып өскен жаумен жағаласуға жарамайды. Бала жүгірмесе, ойнамаса, ой түспейді. Ойын үстінде балалар бір-бірін кекетеді, қалжыңдасады, төбелеседі.Менің жасым 60-та. Осы күнге дейін ойнаймын. Ұтылмаймын деп ойнаймын. Қазақтың ойындары көп. Шілік (жүгіру жағына керек), Алтыбақан (цирктік өнер немесе акробатика), Ақсүйек (түнгі ойын, қазақтар түнде мал бағу өнеріне, бағыт-бағдарға тәрбие), асық (дәлдік), садақ ату, көкпар тарту, шабандоздық өнердің сан түрлері бар. Бұрын бала кезімізде азаннан мал өргіземіз. Қозы, қой бағамыз. Содан соң қозылар жусап кеткенде айранға тойып алып, ойын ойнаймыз. Еңбек пен ойынның тоғысуы осында.Жоғарыда айтылған ойындардың, еңбектердің жас кезімде басы-қасында болғандардың біреуімін. Садақ ату, атқа шабуға өте құмар едім. Соған жас кезімде шынығып едім. Солардың нәтижесі болу керек, кейін әскерде жүргенде ат ырғыту, қылыш шабу, снайперлік өнерін басқаларға қарағанда тез үйрендім. Демек, мен жас кезімде дәлдеп садақ атуға машықтанбасам, атқа мініп құйындатып шаппасам, жарысқа түспесем, менен айтылған өнердің бірі де шықпаған болар еді.Аулада, лагерьде, балабақшада ойын көп. Ал, колхозда, бригадада ойынның өз орны бар. Семьяда үлкеннің тілін алып, шаруаға қатысу керек. Еңбек үстінде ойнама деп айтпаймын. Бірақ еңбектен босап ойнау дұрыс емес. Ойын — балалар үшін еңбек.Мейрам күндері кешке таман, демалыста қанша ойнасаң да өз еркің. Спорт алды — еңбек. Еңбекқор емес кісі еш уақытта спортшы бола алмайды. Еңбекпен денесін шынықтырмаған, спортпен денесін шынықтырып жарытпайды."
By comparing islam.kz to other leading websites in its niche, marketers and researchers can identify key traffic sources and growth opportunities. Explore our related resources below to find websites similar to islam.kz.
Yes, according to our latest analysis, we detected a valid SSL certificate ensuring a secure connection.
As of September 13, 2026, islam.kz holds an estimated domain authority score of 59/100 based on our VisitRank tracking algorithms.
You can find the best alternatives and similar sites to islam.kz in our explore section, which includes competitors in the News & Media sector.
Common Misspellings & Typo Domains for islam.kz: